Жаңалықтар

Көктайғақ, боран мен тұман: 12 қарашаға ауа райы болжамы

метель на трассе
Көктайғақ, боран мен тұман: 12 қарашаға ауа райы болжамы / Фото: Shutterstock

Қазгидромет болжамына сүйенсек, 12 қарашада Қазақстанның кей өңірлерінде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ және боран күтіледі.

Синоптиктердің болжамы бойынша республика аумағының басым бөлігінде жел қатты болады, ал түнде және таңертең кей жерлерді тұман басып, автожолда жүру қауіпті болады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр, қар, көктайғақ және төменгі боран күтіледі, күндіз жауын-шашын солтүстікте, шығыста және орталықта сақталады. Жезқазғанда қар мен көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.

Қарағанды облысында түнде және күндіз жауын-шашын мен көктайғақ болуы мүмкін. Қарағандыда екпінді жел 20 м/с.

Ақмола облысында түнде және күндіз қар мен көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.

Астанада түнде және таңертең көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте және шығыста қар мен көктайғақ болжанып, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Өскеменде күндіз көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 25 м/с.

Абай облысында түнде солтүстік-батыста жауын-шашын мен көктайғақ болжанып, күндіз олар бүкіл облыста сақталады. Семейде күндіз көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 25 м/с.

Алматы облысында жел екпіні 20 м/с, Қонаевта жел екпіні 18 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман болады деп күтілуде.

Жолдағы шектеу

«Қазавтожолдың» ақпараты бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 қараша күні сағат 19:30-дан бастап «Астана–Қарағанды–Алматы»жолында жүк және қоғамдық көлік үшін шектеу енгізілді. Ақмола облысында Жібек Жолы АЕК-тен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске (30-92 км), Қарағанды облысынан-Ақмола облысының шекарасына дейін жол шектеледі.