Меруерт Түсіпбаева танымал қытайша әнді қазақша орындады (видео)

Меруерт Түсіпбаева қытайша ән орындады. Бұл әннің мәтіні Тайвань саясаткерінің шенеуніктерді сынаған сөздерінен алынған.
Қытайлық музыкант Ван Бо қызық үшін Ван Шинцзян деген депутаттың сыни мәлімдемесін әнге қосып, әлеуметтік желіге жариялаған. Сол-ақ екен, Қытайда танымал әуенге айналып кеткен.
«Қытайдың осы хит әнін естідіңіз бе? Осы әннің сөзін 2 апта жаттадым. Мейірлан Орынтаевқа кетіп бара жатып, бірауыз мәтінді қазақша айтайын деген ой сап ете қалды. Дереу Рахат Әбдірахманов ақынға хабарластым. 15 минут ішінде осы нұсқаны жазып берді, Қос талантқа мың алғыс. Менің орындауымда қандай баға бересіз?», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Әншінің орындауындағы қытай әні көпшіліктің көңілінен шығып жатқаны байқалады.
«Маған қатты ұнап қалды ән, Меруерт досымның орындауында өте мықты шыққан, мың рет қайталап тыңдап отырмын», – деп жазды Сәуле Базархан.
Мұның алдында 16 тілде ән шырқайтын Димаш Құдайберген CNN телеарнасына сұхбат берген болатын.