Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» сатып алғысы келген еуропалық МӨЗ жабылу алдында тұр

«ҚазМұнайГаз» сатып алғысы келген еуропалық МӨЗ жабылу алдында тұр / Фото: АМӨЗ

Ресейлік «Лукойлға» тиесілі Болгарияда Бургас қаласындағы «Лукойл Нефтохим Бургас» МӨЗ жабылу алдында тұр. Себебі әлі күнге дейін тиесілі «Лукойл» компаниясына қатысты санкциялар әсер етуде, деп хабарлады Reuters.

Лукойл санкциялары 21 қарашада күшіне енуі керек. Ресейлік компания Бургастағы ең ірі МӨЗ-ге, сондай-ақ жүздеген жанармай құю бекеттеріне ие. Бүгінгі таңда Болгариядағы бензин қоры тек 35 күнге, ал дизель отыны 50 күннен асады. Ел билігі жағдайға алаңдаулы.

Елдің шикі мұнай қоры өзге елдерде орналасқан. Олар оны «Лукойл» құбыры түпкілікті санкцияланғанға дейін мүмкіндігінше тезірек импорттауы керек.

«Новая газетаның» жазуынша, Бургастағы МӨЗ 2023 жылы елдің ЖІӨ-нің шамамен 10%-н қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, ол Болгарияға отынның 80%-на дейін жеткізеді. Демек кез-келген ақау бағаның өсуіне және тапшылыққа әкелуі мүмкін. Әзірге МӨЗ «Лукойлға» тиесілі, бірақ Болгария үкіметі оны тәркілеп, сатудың жолдарын іздеуде.

Жалпы, МӨЗге жаңа инвестор табу әрекеті бұрын да болған. Жыл басында «Лукойл Нефтохим Бургас» негізгі акционері МӨЗ-дің бірнеше әлеуетті сатып алушыларынан, оның ішінде «Қазмұнайгаздан» ұсыныс қабылдады.

Қаңтар айының соңында РИА агенттігі Болгария премьер-министрі Розен Желязковқа сілтеме жасай отырып, «Лукойл» Бургастағы МӨЗ-ін 2 млрд долларға бағалайтынын жазған, өндіріске жеті компанияға қызығушылық танытып отыр.