Семейде 15 миллиард теңгеге жаңа стадион салынады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Семейде 20-22 мың көрерменге арналған стадион құрылысы басталмақ / фото: kursiv.media мұрағаты
Семейде 20-22 мың көрерменге арналған стадион құрылысы басталмақ / фото: kursiv.media мұрағаты

Семейде 15 миллиард теңгеге жаңа стадион салынады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, спорт нысанының құрылысын бастау үшін 15 миллиард теңге бөлінеді.

Tengrisport ақпаратына қарағанда, бұған дейін стадион 2026 жылы пайдалануға берілуі жоспарланғаны хабарланған. Алайда нақты мерзім әзірге белгісіз. Әкімнің сөзінше, алдымен жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, содан кейін ғана құрылыс басталады.

«Стадионның капсуласы әлі салынған жоқ. Жер телімі қоршалды. Ал KAZ Minerals 15 миллиард теңге бөлді», – деді Берік Уәли.

Бастапқыда жаңа «Семей» аренасы 2 мың көрерменге арналған ескі «Пищевик» стадионының орнында салынады деп жоспарланған еді.

Алайда кейінірек оны басқа ықшамауданда салу туралы шешім қабылданған. Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.

Стадионға 20-22 мың көрермен сыяды деп хабарланды. Құрылысты 2026 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Мұның алдында Берік Уәли алғаш рет Астанада үлкен баспасөз конференциясын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бір жылдың есебін берген болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз