
Түркістан қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Қайғылы оқиға 3 қараша күні болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша оның кеудесінен сыныптасы ұрып-соққан.
«Оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Күдікті мен оқиғаға қатысқан оқушылар ұсталған. Олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылған.