Lifestyle

Жанар Дұғаловадан жанкүйерлері сахнаға қайта оралуды сұрады

Жанар Дұғалова
Жанар Дұғаловадан жанкүйерлері сахнаға қайта оралуды сұрады / Фото: Серікжан Қобланбаев

7 қарашада Almaty театрында өткен қазақстандық продюсер Багым Мұхитденованың концертінде әнші Жанар Дұғалова өнер көрсетті. Әнші «Бір сұрақ» әнін орындап, көрермендер мен желі қолданушыларының көңіл-күйін көтерді.

Шарадағы видео әлеуметтік желіге тез тарап, онда жанкүйерлер әншіден сахнаға оралып, жеке концерт ұйымдастыруды сұрайды.

Бейнежазбаға пікір жазған азаматтар «Қашан жеке концерт бересіз?», «Концерті болса, барайық», «Мен «Бір сұрақты» жеке концертіңізде тыңдағым келеді», – деп жазды.

Қазір Жанар Дұғалова Silk Way Star халықаралық вокалдық жобасының қазылар алқасының мүшесі. Әнші соңғы рет 31 мамырда, Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арнап «Есімдер» әнін шығарған.

Өткен жылы Дұғалова тұрмыс құрып, ұлды болғаннан кейін желіге көп кіре бермейтін болды. Бірақ жанкүйерлер әншінің сахнаға оралуы жақын жерде деп үміттенеді.