Lifestyle

Алмат Сақатов сұхбат берген әйелі үшін жұрттан қатты ұялып қалды (видео)

Алмат Сақатов танымал адамдардың жеке өмірлерін сөз ететіндерді де сөзбен түйреп өтті / фото: ашық дереккөзі
Алмат Сақатов танымал адамдардың жеке өмірлерін сөз ететіндерді де сөзбен түйреп өтті / фото: ашық дереккөзі

Алмат Сақатов дұрыс сұхбат бермеген әйеліне қатты ренжіді. Сол үшін жұрттан «ұялып қалғанын» айтты.

 «Менің әйелімді бір блогер сұхбатқа шақырыпты. «Барайын ба?» дейді. Бара бер дедім. Бәрін бүлдірген. Айтатын нәрсе көп. Блогер менің де тентек екенімді біледі. Бұзықтығым, мінезім бар екенін біледі. Соны әйелден сұраған. Сөйтсе, бәрін құртқан. Тек мақтай берген», – деп әзілдеді актер.

Алмат Сақатов елге бір жылға азық болатындай тақырып тауып бермеген жарына өкпесі қара қазандай.

«Бір күн үйге келмей қалсақ, «үнемі үйге келмейді, бір жылдап үйде жоқ» деп,  «анда-санда тиын таппай қалсақ, өмірі тиын таппайды» деп, ушықтырып, елдің аузына әңгіме болатындай етіп жібермей ме, елдің әйелдері сияқты. «Бәрі жақсы, бәрі керемет». Дұрыс емес, негізі. Ел не дейді, енді? Ауыздарына кішкене сөз салып беру керек еді», – деп мысқылдады актер.

Актер танымал адамдардың жеке өмірлерін сөз ететіндерді де сөзбен түйреп өтті.

«Ойбай, өйтіп жатыр екен, мына бала да жынды екен, басы істемейді екен» деп айтуы керек қой енді. Сөйлейтін адамдардан обал болды. Әйелдерді сұхбатқа жібермеңдерші», – деді Алмат Сақатов.

Мұның алдында Мөлдір Мұқанова сұхбат беріп, шындығын айтарда Тұрсынбек Қабатовтың алдынан өткенін жеткізген болатын.