
Ірі қазақстандық e-grocery компаниясы, Arbuz.kz онлайн-супермаркеті стратегиясын өзгертіп, жаппай сегментке көшетіні туралы жариялады. Енді қызмет тек премиум клиенттер үшін ғана емес, сонымен қатар, қолайлы бағаға қызығатын тұтыншулар нарығы үшін бәсекелесуге ниетті. Бұл туралы Freedom Holding Corp-тегі Lifestyle-бағыттың басшысы Алексей Ли Freedom Lifestyle Talk пікірсайыс клубының кездесуінде айтты.
Алексей Лидің айтуынша, соңғы айларда Arbuz.kz бағаларды тек онлайн бәсекелестермен ғана емес, сонымен қатар, ең үлкен офлайн желілермен теңестірді:
«Негізгі супермаркеттерді бақылап отырып, базалық бағамыз дүкендегідей болды. Егер 25%-ға дейінгі кэшбекті ескерсек, біздің өнімдеріміз төрттен бірге арзан түседі», – деп атап өтті Ли.
Arbuz.kz жобасы қазақстандық е-grocery нарығында алғашқылардың бірі болды, бірақ өз тұтынушылары ретінде премиум-сегменттің клиенттерін көрді. Азық-түлік жеткізу нарығына пандемия күшті серпін берді. Енді осы сегменттегі бәсекелестіктің артуымен команда саясатын жаңартуға шешім қабылдады.
«Егер бұрын біз өзімізді орта+ және премиум-сегмент қызметі ретінде көрген болсақ, қазір біздің стратегиямыз – жаппай сатып алушыларды тарту. Бұл ең белсенді аудитория. Әрине премиум-санат сақталады, бірақ ассортимент орта және қолайлы сегменттердің тауарларымен толықтырылады», – деді Алексей Ли.
Ли Arbuz.kz тек ассортимент пен баға саясатымен ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасымен де табысқа жететініне сенімді.
«Себебі тұтынушылар біздің курьерлеріміз өте мейірімді екенін айтады. Күнделікті табысымыз – үлкен өзгерістерге алып келетініне кәміл сенеміз».
Оның сөзінше, Arbuz.kz-тің жаңартылған стратегия мен қол жетімді бағаны ұсынуы компанияның Freedom Holding Corp. құрамына кіруінің әсерінен болып отыр. Stand-alone бизнесінің уақыты өтіп, экожүйелер дәуірі басталғаны туралы Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі мажоритарлық акционері Тимур Турлов та бірнеше рет айтқан..
Freedom Holding Corp. құрамына кірген сәттен бастап Arbuz.kz интернет-супермаркеттің айналымы 80%-ға өсті. Arbuz.kz-тің 2025 жылдың 1 қарашасындағы айналым 19 млрд теңгені құрады. Қаңтардан қазанға дейін компания миллионнан астам тапсырысты өңдеді. Компанияның өзі бағалауынша, Arbuz.kz-тің e-grocery нарығындағы үлесі 11%-ға жетті.