
Блогер Азамат Айталиев Астанадағы Димаш Құдайбергеннің отбасына тиесілі «Дайдидау» мейрамханасының қызмет сапасына көңілі толмай, әлеуметтік желіде сын айтты.
Айталиевтің айтуынша, тапсырыс берген тағам мәзірдегі суретке мүлде ұқсамаған.
«Бұл не? Тағамның түрі мәзірдегі суреттегідей болуы керек емес пе? Бешбармақ емес, жай ғана ыдысқа сала салған. Ет те, қазы да дұрыс емес, май ғана. Маған суреттегідей қайта істеп беріңіздер”, – деп блогер даяшыны шақырып, наразылығын білдірген.
@azamataitaliev95 ♬ оригинальный звук – Azamat Aitaliev live
Азамат Айталиевтің бұл видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік блогердің бұл әрекетін шамадан тыс кірпияздық деп бағалап, жаман пікірлерді жаудыра жазуда.