Елде вакцинадан бас тартқандар жылдан-жылға көбейіп жатыр

Жарияланды 12 Қараша 2025 15:30

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Вакцинадан бас тартқандар көбейді /фото: shutterstock

Қазақстанда екпеден бас тартқандар саны көбейіп жатыр. Елдің Бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова осылай деп дабыл қақты

«Өкінішке орай, әлемдік мәселе – вакцинадан бас тарту. Қазақстанда да бұл алаңдайтын мәселе. 2017 жылы елде бас тартқандар 5300 болса, осы жылы екпеден бас тартқан 20 000 адам тіркелді. Бас тартқандар саны көбейіп жатыр, бұл барлық екпе бойынша. Бірақ тұмау бойынша бас тартқандар болған жоқ», – деді ол тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты өткен брифингте.

Екпеден бас тартқан ересектер баласына да салдырмайды. Өткен жылғы дерек бойынша, Қазақстанда 800 мыңнан аса бала уақытында екпе алмаған. Ал үкімет 18 жасқа дейінгі балалар екпе алу үшін 5,8 млрд теңге қаржы бөледі.

Ұлттық екпе күнтізбесі бойынша,  13 кең таралған жұқпалы ауруға қарсы вакцина салу керек.

Бала кезде алмаған кейбір екпені ересектерге салдыруға болады, ол туралы мына жерден біле аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз