Lifestyle

«Елдос Калабок» бақыттан басы айналып жүргенін айтты

Елдос Калабок сүйінші сұрады / фото: instagram.com/eldos_kalabok
Елдос Калабок сүйінші сұрады / фото: instagram.com/eldos_kalabok

«Елдос Калабок» атымен танылған блогер Елдос Кәдірханов ұлды болды. Ол әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен сүйінші сұрады.

«Аллаға шүкір! Сүйінші! Қош келдің, ұлым. Біз ата-ана болдық, ағайын. Ішпей, шекпей де мас болуға болады екен. Бақыттан басым айналып ұшып жүрмін. Сезімді жеткізе алмай жазып отырмын. Жүрегім ішіме сыймай жатыр… Шүкір шүкір шүкір», – деп жазды Елдос Кәдірханов.

Елдос Калабоктың қуанышына оқырмандары ортақтасып жатыр. Сәбиге игі тілегін жаудырып жатыр.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Алла салихалы ұрпақтан етсін. Сіздерге тек қуаныш сыйласын. Артынан іні, қарындастар ере берсін. Көптен күткен сарғая да, сарқыла , уайыммен күткен қуаныштарыңыз қуанышқа жалғассын», – деп жазды Сәуле Бектұрған атты оқырман.

Мұның алдында «Елдос Колобоктың» арманына Ләйлә Сұлтанқызы себепкер болғаны туралы жазған едік.