Freedom Bank Ламин Ямаль бейнеленген карта ұсынды

Жарияланды 12 Қараша 2025 14:20

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Freedom Bank Ламин Ямаль бейнеленген карта ұсынды / фото: instagram

Freedom Bank әйгілі футболшы Ламин Ямальдың бейнесі бар SuperCard Visa картасының жаңа дизайнын таныстырды.

Lamine Yamal дизайнымен жасалған SuperCard Visa картасын қазірдің өзінде Freedom Bank мобильдік қосымшасы арқылы ашуға болады. Қазіргі таңда карта тек цифрлық нұсқада қолжетімді.

Банк өкілдерінің мәліметінше, пластик нұсқасын рәсімдеу мүмкіндігі жақын уақытта пайда болады. Бұл жөнінде клиенттерге мобильдік қосымша мен ресми ақпараттық арналар арқылы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Freedom Bank Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бейнесімен карта шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз