Жаңалықтар

Грузияда апатқа ұшыраған ұшақтағылардың бәрі қайтыс болды

Грузия ұшақ апаты
Грузиядағы ұшақ апаты болған аумақ / фото: oxy.az

Грузия аумағында апатқа ұшыраған Түркияның C130 әскери-транспорттық ұшағындағы барлық адам қаза тапты. Бұл жайлы Интерфакс жазады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 20 адам болған, олардың ешқайсысы тірі қалмаған.

AnewZ телеарнасының хабарлауынша, «ұшақ сынықтары Холагири монастырі маңындағы тік жартасты тауларға шашылып кеткен. Оларды алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған. Қазір құтқару топтары тікұшақтардың көмегімен тау маңайында іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр. Іске әскерилер, полиция, құтқарушылар және еріктілер жұмылдырылған. Бірақ жер бедерінің күрделі екендігі, қолайсыз ауа райы операцияны қиындатып отыр.

Қазір Грузияда ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары апатқа ұшақтың техникалық ақауы мен ұшқыштың қателігі себеп болуы мүмкін деген нұсқаларды қарастырып жатыр.

 11 қарашада Түркия қарулы күштерінің әскери ұшағы апатқа ұшырады. C130 типті әскери ұшақ Грузия-Әзербайжан шекарасының аумағында құлады. Осыған орай Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.