Имамның педофилдер туралы сөзі желіде қызу талқыға түсті

Алматыда «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінде өткен дәріс желіде қызу пікірталас тудырды. Мәселе мұғалімдердің бірі «педофилдердің болуы — Алланың бар екенінің дәлелі» деген сөзінен туындаған.
Видеода ер адам педофилдерді мысал ретінде келтіріп, «оларды бар болуы ешкім қаламайды, демек оларды Құдай жаратқан» деп айтқан.
Бұл сөз әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
«Университетте сабақ бере ме?!», «Неге ауруханада емес?», «Бас мүфти қайда қарап отыр?! Мүфтият немен айналысады?!», «Дін тарихтағы ең сәтсіз насихат», » Мен өзім мұсылманмын, оның адасқанын студенттерге, және жалпы халыққа айту керек», «Мен мұсылманмын, бірақ бұл сұмдық», — деп жазады Қазнет қолданушылары.
Kursiv Lifestyle тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) түсініктеме алу үшін жүгінді. Онда университет имамының ұстанымы діни университеттің ұстанымын көрсетпейтіні айтылды.
«Бұл бейнежазба контекстен тыс алынған. Өкінішке орай, бейненің қысқартылған нұсқасы кесіліп, толық мазмұны жоқ бұрмаланған түрде таратылды.
Ислам діні педофилияны және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендететін кез-келген әрекетті қатаң айыптайды. Ислам мұндай әрекеттерге мүлдем қарсы. Ислам бала құқықтарын қорғауға, әсіресе адамгершілік пен қауіпсіздік мәселелеріне үлкен мән береді.
Университет тарапынан Нұржан Смағұловпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ оған бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мұндай түсініспеушіліктерге жол бермеу үшін жауапкершілікті сақтау қажеттілігі туралы ескерту жасалды», – делінген хабарламада.