«Күйзеліске түстім… Біраз жылап алдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова сәбиін емізбей қойған

Жарияланды 12 Қараша 2025 12:13

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Жұлдыз Әбдікәрімова сүті жетпей, сәбидің мазасыздана бастағанын айтты / фото: Instagram
Жұлдыз Әбдікәрімова сүті жетпей, сәбидің мазасыздана бастағанын айтты / фото: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова күйзеліске түсіп, үш айлық баласын емізбей қойғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, сәбиді жасанды қоректендіруге көшірген.

Қыз-келіншектер Жұлдыз Әбдікәрімовадан кеше ғана босанғанын, Рабия Сұлтанның үш айға толғанын айтып, неге емізбейтінін сұраған.

«Шетелге шықтым. Жұмысқа ерте шығып кеттім. Бұл туралы сіздерге ақпарат берген жоқпын. Бүгін үйдемін. Сондықтан өздеріңізбен пікір алмасып, сырласайын деп шештім», – деді Қайрат Нұртастың жары.

Ол Рабия Сұлтанға арналған арнайы сүтін дайындап жатқанын көрсетті. Сонымен қатар үш айлық сәбиді неге ерте емшектен шығарғанын айтып берді.

«Өкінішке қарай, Рабия Сұлтанды емізбеймін. Жаңа босанған әйелдің баласын емірене отырып, емізгеніне не жетсін! Өзім күйзеліске түскендіктен, қырқына дейін ғана еміздім. Одан кейін сүтім жетпей, бала мазасыздана бастады. Баланы қинамайын деп, жасанды қоректендіруге ауыстырдым», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұлай жасауға балалар дәрігері нұсқау берген. Бұл үшін өзі де қатты қиналған.

«Әрине, педиатрмен ақылдасасың. Өзімнен-өзім баланы емшектен шығарғым келген жоқ. Өзім емізгім келді. Қатты қиналдым. Біраз жылап алдым да. Қазір бәрін қабылдадым. Қазір бәрі жақсы», – деді актриса.

Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімованың үш айлық баласын тастап Жапонияға кетіп қалғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз