Мәскеулік студент Қайрат Нұртастың әндерінен кейін қазақ тілін үйрене бастады

Жарияланды 12 Қараша 2025 12:41

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Студентка МГИМО начала учить казахский язык после песен Кайрата Нуртаса
Фото: instagram.com/kair_n, бильд-редактор: Дастан Шанай

Мәскеудегі МГИМО университетінің студенті Кристина Юдина қазақ тілін үйреніп жүргеніне екі жыл болғанын айтты. Бұл туралы Қазақстан президентінің қызметін жариялап жүрген журналист Әділ Балтабаев Ресей астанасында болған сапары кезінде хабарлады.

Кристина Юдинаның айтуынша, бәрі Алматы қаласына қызығушылықтан басталған.

«Мектеп бітіру кешіне көйлек іздеп жүріп, қазақ мәдениетіне қызығып кеттім. Қазақстан маған өте ұнайды, елдің мәдениеті де, тілі де ерекше. Қазақ тілі өте әдемі әрі қызықты», – дейді студент.

Оның айтуынша, қазақ тіліне деген қызығушылығын Қайрат Нұртастың әндері одан әрі арттыра түскен.

«Қайрат Нұртас көңілді, тартымды әнші. Оның әндерін тыңдаған сайын қазақ мәдениетіне жақындай түстім», – дейді ол.

Кристина сұхбат соңында әншінің «Байқа» атты туындысынан бірнеше жолды қазақ тілінде орындаған.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас 31 қазан күні Алматының Орталық стадионында үлкен концерт өткізген еді. Енді әнші Астанада жеке кешін беруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз