Жыл басынан бері жанармай бағасы 11%-ға қымбаттаған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Жанармай бағасы жыл басынан бері 11%-ға қымбаттаған / Фото: Серикжан Ковланбаев

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда жанармай бағасы едәуір қымбаттады. Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, бензин бағасы 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 11,2%-ға, ал дизель отыны 9,2%-ға қымбаттаған.

ЕАЭО елдермен салыстырсақ, Ресейде бензин 9,3%-ға, Қырғызстанда – 8,8%, Беларусьте – 6,7% қымбаттаған, ал Арменияда керісінше 0,1%-ға төмендеген.

Десе де, елдегі бензин Ресей мен Қырғызстанмен салыстырғанде екі еседей арзан. ЕЭК есебі бойынша, Қазақстандағы бензиннің бөлшек бағасы литріне 228 теңгені құрайды. Бұл Қырғызстандағыдан 89%-ға, ал Ресейдегіден 81,4%-ға төмен.

Дизель отыны литріне 324 теңге болса, бұл Қырғызстанмен салыстырғанда 43,3%-ға, Ресеймен салыстырғанда 45,3%-ға төмен.

Қазақстан үкіметі жыл басына бері елдегі жанар-жағармай бағасын еркін нарыққа жібереміз деген. Содан бері берзин бағасы ақырындап қымбаттап келе жатқан. Алайда ел үкіметі 2025 жылдың қазан айының ортасында бензин мен дизельді қымбаттатуға шектеу қойды. Бұл президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған дағдарысқа қарсы шараның бірі болды.

Кейін вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шешімнің нарыққа әсері туралы айтып өтті. Оның айтуынша, реформаларды уақытша тоқтату әлеуметтік шиеленісті төмендету және ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз