
«5:32» және «Сержан Братан» сериалдарының авторлары ұсынған жаңа Munai атты криминалдық триллер көрерменге жол тартпақ. Режиссері – Дархан Төлегенов, продюсерлері – Алишер Утев пен Сергей Литовченко. Фильм 90-жылдардағы билік пен сатқындық үшін күрес тақырыбын қозғайды.
Сюжеті бойынша, қылмыс пен анархия билеген қалада қарсылас бандалар арасында соғыс өршиді. Топ басшысы Аман мұнай саудасына қатысты қауіпті ұсыныс алады. Бұл мәміле қарсы жақтың ашуын туғызып, қаланы билік пен байлық үшін басталған қанды текетіреске алып келеді.
Басты рөлдерде – Данияр Алшинов, Нышанбек Жұбанаев, Айбар Салы, Қуандық Жүнісов, Ақнұр Рахат және Дана Амирқұл.
Сериал 27 қараша күні Freedom SuperApp платформасында шығады. Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осы платформада «Ұлжан» сериалы шыққаны туралы жазған едік.