Назарбаевтың ара ағайыны миллиардтаған пайда тапты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің аға тілшісі
Назарбаевтың ара ағайыны миллиардтаған пайда тапты / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Қарағанды жолдары» компаниясы 2023 жылдағы табысы 2,2 млрд теңгемен салыстырғанда 2024 жылғы табысын арттырып 3,8 млрд теңгеге жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Компания жариялаған қаржылық есепке сүйенетін болсақ, автожол компаниясы пайданы 73,4%-ға арттырды.

«Қарағанды жолдары» кірісі 2023 жылғы 15,1 млрд теңгеден 19,97 млрд теңгеге дейін өсті. Компанияның жалғыз құрылтайшысы және иесі – Алматы қаласының бұрынғы әкімі, «Самұрық-Қазына» басқармасының бұрынғы төрағасы Ахметжан Есімовтың бауыры Сейітжан Есімов. Ағайынды Есімовтер Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.

Компания қызметінің негізгі түрі жолдар, әуеайлақтары мен спорт ғимараттарын салу және басқа да жұмыстар. Компанияның бірнеше филиалы бар, оның ішінде Қарағандыда жөндеу-құрылыс басқармасы, Қарағанды облысының Ботақара кентінде жол-пайдалану учаскесі, Қарағанды облысының Осакаровка кентінде жол-пайдалану учаскесі және Ақмола облысының Державинск қаласында филиалы бар.

2024 жылдың соңында «Қарағанды жолдары» Бұқар Жырау ауданында құрылыс қиыршық тастарын өндіруді бастау жоспарлары туралы хабарлады. Атап айтқанда, 2025 жылы 100 мың текше метр қиыршық тас өндіру жоспарланған.

«Қарағанды жолдары» 2024 жылы негізгі басқарушы персоналдың екі өкіліне (басқарма төрағасы және бас бухгалтер) 107,9 млн теңге сыйақы төледі. Алдыңғы 2023 жылы 53 млн теңге сыйақы төленген.

Сондай-ақ оқыңыз