Нұрлан Имам Айда намазды қай бағытқа қарап оқу керегін түсіндірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Нұрлан имам Айда намаз оқу тәртібін айтты / фото: KursivMedia мұрағаты
Нұрлан имам Айда намаз оқу тәртібін айтты / фото: KursivMedia мұрағаты

Нұрлан Имам Айға ұшып барған адамның намазды қай бағытқа қарап оқу керегін түсіндірді. Көпшіліктің бірі осындай сұрақ қойған.

Нұрлан Имам деген атпен танылған теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітов  жауаптан тосылған жоқ. Ислам дінінің бес парызының бірі – намазды Айда да оқуға болатынын айтып берді.

«Біріншіден, Айға бару қалыпты да, сонда намаз оқу қалыпты ма? Құдай жолыңызды ашық қылсын. Аман-есен жетіп алыңыз. Адам айға барып, намаз оқыса, қалай болады? Қағба Айда емес, Жерде. Сондықтан Жерге қарап оқисыз. Аспанда тұрсаңыз, Жерге қарап оқисыз. Жақсы ниет», – деп түсіндірді Нұрлан Имам.

Мұның алдында ол көзге шөп салған адамды қалай кешіру керек екенін айтып берген еді. Имам әлемдегі кейбір мешіттерде бұрыннан жасанды интеллект жүйесі қолданылатынын, осы арқылы мешітке кімнің кіргенін бақылап, толық ақпарат алып отыруға болатынын алға тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз