
2011 жылдан бері «Қазақ Аруы» байқауы нәзіктіктің, интеллекттің және прогрестің символына айналып, қазақ мәдениетінің сұлулығын әлемге танытып келеді. Жыл сайын өтетін бұл жоба жастарды шабыттандырып, ұлттық тіл мен дәстүрді насихаттап, патриотизм рухын арттыруды мақсат етеді.
Жобаның авторы және шабыттандырушысы, продюсер Баян Алагузова «Қазақ Аруын» ұлттық брендке айналдырып, байқауға өзіндік стиль мен терең мағына сыйлады.
Биылғы «Қазақ Аруы 2025» байқауы 13 қараша күні кешкі сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20 ару финалға жолдама алған. Қатысушылар сұлулық пен мәдениетті, білім мен мінез үйлесімін паш етіп, «Қазақ Аруы» тәжін жеңіп алу үшін бақ сынайды.
№1, Ақнұр Жошыбаева (Алматы қаласы)
Жас ұстаз, студент, модель, сурет салудың хас шебері.

№2 Дариға Рахым (Түркістан қаласы)
Жарқын ойлы студент, шабыт берер жас тәлімгер, бірнеше байқаудың жеңімпазы.

№3 Мөлдір Ардаққызы (Жезқазған қаласы)
Би әлемінің нәзік шебері, туризм саласының түлегі.

№4 Айдина Сырым (Семей қаласы)
Өнерге ғашық, ал сахнадан шабыттанатын болашақ театр актрисасы.

№5 Ақшуақ Бауыржанқызы (Тараз қаласы)
Көркем гимнастиканың шебері, жас жаттықтырушы, рухы биік патриот.

№6 Гүлнәсіп Мәдиқызы (Атырау қаласы)
Сөз өнерінің сырын меңгерген, жарқын ойлы болашақ журналист.

№7 Ұлдана Ботабек (Шымкент қаласы)
Әр сөзі – мән, әр қадамы – өнер. Абай рухынан шабыт алатын жас актриса.

№8 Ақмарал (Талдықорған қаласы)
Қытай, поляк, француз, парсы, ағылшын тілдерін меңгерген полиглот және саяхатшы.

№9 Гауһар Аманқызы (Орал қаласы)
Өмірін өнермен өрген болашақ драма актрисасы.

№10 Далила Маратова (Алматы қаласы)
Көркем гимнастикадан спорт шебері, сұлу бапкер, болашақ экономист.

№11 Данира Айдынқызы (Жезқазған қаласы)
Мың бұралған биші және есепке жүйрік болашақ экономист.

№12 Дәрия Қуатжан (Талдықорған қаласы)
Ұлттық өнерге жан бітіріп, әр өрнегінен рух сездірген жас дизайнер.

№13 Айзия Өтебалы (Астана қаласы)
Қазақтың қара домбырасын және жетігенін жанына серік еткен ару.

№14 Диана Қырым (Өскемен қаласы)
Forbes тізіміне енуді армандайтын болашақ географ.

№15 Қызғалдақ Әуесханқызы (Қарағанды қаласы)
Мәдени ұйымдастырушы, ал ән десе ішкен асын жерге қоятын Арқа аруы.

№16 Айша Тасқан (Ақтөбе қаласы)
Жеке зергерлік дүкенін ашқан жас кәсіпкер.

№17 Алтынай Базылжан (Алматы облысы)
Биші, спортшы және болашақ тіс дәрігері.

№18 Айдана Санат (Алматы қаласы)
«Мисс Тұран», «Queen universe», «Мисс Алматы» байқауларында жарқыраған журналист.

№19 Ұлдана Тоқшылық (Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы)
Қобызшы, бірнеше республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты.

№20 Айкерім Нұрғалиева (Қызылорда қаласы)
Биотехнолог мамандығын меңгеріп жүрген Сыр сұлуы.

Қазақ аруы-2025 байқауы ертең 13 қараша күні сағат 19:00-де BM Production YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Эфир кезінде онлайн дауыс беруге болады.
Еске сала кетейік, былтыр «Қазақ аруы-2024» байқауында қызылордалық қыз Ақкербез Ысқаққызы жеңіске жеткен еді.