Жаңалықтар

Роналду футболмен қош айтысатынын мәлімдеді

Капитан португальцев Криштиану Роналду отметился в Ереване дублем
Роналду футболмен қош айтысатынын мәлімдеді / фото: архив kursiv.media

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты өзінің соңғы ірі халықаралық турнирі болатынын растады. Бұл туралы Роналду Сауд Арабиясында өткен TOURISE туристік форумында берген сұхбатында айтты.

40 жастағы футболшы мансабында 950-ден астам гол соғып, бір-екі жыл ішінде кәсіби спорттан толықтай кетуді жоспарлап отыр.

2026 жылғы әлем чемпионаты Канада, Мексика және АҚШ елдерінде өтеді. Бұл турнир Роналдудың мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты болмақ. Қазіргі таңда «Аль-Наср» клубында ойнап жүрген Роналду ұлттық құрамалар тарихындағы ең үздік сұрмерген саналады. Оның еншісінде 143 гол бар. Сондай-ақ мансабындағы 1000-шы гол межесіне жақындап келеді.

Португалия құрамасы әлі 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған жоқ. Команда 14 қараша күні Ирландияға қарсы өтетін іріктеу матчында жеңіске жетсе, турнирге жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду миллиардер атанған алғашқы футболшы болды.