Дархан Сатыбалды Алматы кәсіпкерлеріне жеңілдік жасауды ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы қаласы кәсіпкерлер тігін цехы
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсіруі мүмкін. Әкім Дархан Сатыбалды өткізген жиналыста осы мәселені қалалық кеңес қарауына шығару туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Кәсіпке қосымша қолдау

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін жаңа Салық кодексінде жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі 4% деп көрсетілген. Алайда жергілікті мәслихаттар оны 2%-ға дейін төмендете алады.

Алматы қалалық әкімдігінің хабарлауынша, Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте кәсіпкерлер үшін тиімді мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету мәселесін мәслихаттың қарауына шығару туралы шешім қабылданды.

«Алматы әкімдігі бизнеске қосымша қолдау көрсетуді ұсынып отыр», – деп таратты әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл шара шағын және орта бизнес үшін салықтық тұрақтылықты сақтауға, инфляциялық тәуекелдерді азайтуға және B2C сегментін – яғни үй жанындағы дүкендер, шаштараздар, шеберханалар мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын қолдауға мүмкіндік береді.

Әкімдік осы бастама кәсіпкерлердің сенімін арттырып, инвестициялық ахуалды сақтауға және Алматыдағы іскерлік белсенділікті ынталандыруға ықпал етеді деп есептейді.

Қалалық мәслихат мәселені нақты қашан қарайтыны әзірге жарияланбады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Алматы қаласында 417 мыңнан астам шағын және орта бизнес тіркелген.

Арнаулы салық тәртіптері

Қазір жеті арнаулы салық тәртібі болса, 2026 жылы солардың үшеуі ғана қалады. Олар төмендегі кестеде көрсетілген:

 СубъектОбъектКіріс бойынша шегіЖалдамалы қызметкер саныМөлшерлемеҚызмет түрлері
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған салық режимі (патент, мобильді қосымша)Жеке тұлғаКірісіАйына 300 АЕК (1,3 млн теңге/ай)Жалдамалы қызметкерсіз4% Тек МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА, МӘМС (ЖТС-сыз)Қолдануға рұқсат қызмет түрлері (Үкімет тізіміне сай)
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміЖеке кәсіпкер, ЖШСКірісіЖылына 600 мың АЕК (2,4 млрд) + Жылдық кіріс 100 млн теңгеден асса, еңбекақы төлеу қоры салық салынатын кірістен алып тасталадыШектеусіз4% B2C (жеке тұлғалармен) және B2B (бизнеспен) Мәслихаттар 50% төмендете, көтере аладыҚолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (Үкімет дайындайды)
Шаруа қожалықтарына арналған салық режиміШҚСалық жеңілдіктері сақталады, тек жеке табыс салығы салынады. БЖС алып тасталады.Кірістен 0,5% 

2026 жылы салық төлеушілерді не күтіп тұрғанын білгіңіз келсе, Kursiv.Media материалын оқыңыз.

Бұған дейін біз жаңа Салық кодексіне қолданысқа енген уақытта Қазақстанда темекі бағасы күрт көтерілетінін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз