
Футболдан Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген өзіне Қазақстандағы қандай футболшылар ұнайтынын айтып, Дастан Сәтпаев пен Ғалым Кенжебек туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Эльдар Аманбаевтың подкастына барған Тағыберген Сәтпаевты қазақ футболының «жарық жұлдызы» деп атап, оның еңбекқорлығы үшін Криштиану Роналдуға теңеді.
«Сәтпаев Қазақстанның атын Еуропада шығарады деп. Ұлттық құрамада да қолдау көрсетеміз. Дастан тұйықтау көп сөйлемейді. Бірақ әңгімеге тартсаң, бәрін айтып береді. Өте профессионал, мен ондай профессионалды көрмедім. Криштианудан кейін Дастан шығар көргенім», – деді Тағыберген.
Бұған қоса, ол семейлік Елім-айдың ойыншысы Ғалым Кенжебекті де атап өтті. Кенжебекке Еуропаға барып, тәжірибе алғаны пайдасын тигізгенін баса айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаевтың Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанғанын жазған едік.