
13 қарашада Астана мен 15 өңірде дауыл күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жария болды.
Күндіз Жетісу облысында қатты жаңбыр, тіпті қар күтіледі Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында тұман болуы мүмкін. Облыстың таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар, боран, көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Астанада тұман, көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады дегем болжам бар. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында жер қатып, көктайғақ болып, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығын тұман торлайды.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында — тұман.
Абай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, оңтүстікте, облыстың орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман басады. Семейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Өскеменде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
13-15 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтілуде. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Қарағандыда түнде көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанып отыр.
Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, төменгі боран күтіледі. Тұман, көктайғақ күтілуде.