Lifestyle

«Жездуха Кореяда» фильмі алғашқы аптада 433 млн теңге жинады

«Жездуха Кореяда» фильмі алғашқы аптада 433 млн теңге жинады / фото: ашық дереккөз

Қазақстандық комедия «Жездуха Кореяда» алғашқы аптасында 433 млн теңге касса жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.

Алғашында YouTube-та скетч-сериал ретінде басталған «Жездуха» бүгінде Freedom Ticketon рейтингісінде бірінші орында тұр. Фильмнің оқиғасы өмірдің қиын сынағынан өткен қарапайым отбасының тағдырын суреттейді. Үй иесі қайтыс болғаннан кейін Қанат пен оның отбасы баспанасыз қалып, жаңа өмір бастау мақсатында Оңтүстік Кореяға аттанады. Алайда тағдырдың тосын бұрылысы оларды ар мен адалдық арасындағы күреске әкеледі. Картина адамгершілік, үміт пен ар алдындағы жауапкершілік тақырыптарын қозғайды.

Басты рөлдерде Зарина Кармен, Қайрат Нәбиолла, Ерик Хамидуллаев, Адель Амангелді, Тасхан Қанат, Ерболат Заркумов, Мақсат Бобей және Мансар Орынхан ойнайды.

Өзге фильмдердің нәтижесі:

  • 1. Жездуха Кореяда — 433 080 518 ₸ (1 апта)
  • 2. Хищник: Планета смерти — 194 704 445 ₸ (1 апта)
  • 3. Әкенің баласы — 47 066 565 ₸ (3 апта)
  • 4. Ыстық ұя — 30 583 670 ₸ (6 апта)
  • 5. Сыныптас — 26 301 795 ₸ (2 апта)
  • 6. Бақыт құшағында — 21 347 755 ₸ (3 апта)
  • 7. Кролешип и сурок времени — 20 615 465 ₸ (1 апта)
  • 8. Болған оқиға — 17 474 470 ₸ (5 апта)

«Жездуха Кореяда». Бірінші аптасында 433 миллион теңге жинап, басқа барлық фильмдерді артта қалдырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» фильмінің кассалық табысы 1 млрд теңгеден асқан еді.