
16 қараша күні Алматыда жүгіру маусымының қорытынды жарысы City Run – 2025 марафоны өтеді. Шараға байланысты қалада көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қонақтардан бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Жол жабылатын учаскелер:
15 қараша сағат 04:00-ден 16 қараша сағат 12:00-ге дейін
Төле би көшесі (Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) – қозғалыс толықтай тоқтатылады.
16 қараша күні:
– 08:00–10:00 – Төле би көшесі (Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін). Балама бағыт – Мақатаев көшесі (қозғалыс екі бағытта ашық).
– 08:00–10:00 – Наурызбай батыр көшесі (Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін).
– 08:00–09:35 – Бөгенбай батыр көшесі (Наурызбай батырдан Назарбаев даңғылына дейін).
– 08:00–09:15 – Қабанбай батыр көшесі (Наурызбай батырдан Назарбаев даңғылына дейін).
– 08:00–08:55 – Шевченко көшесі (Наурызбай батырдан Назарбаев даңғылына дейін).
– 08:00–08:35 – Құрманғазы көшесі (Наурызбай батырдан Назарбаев даңғылына дейін).
Жарыстың сөре және мәре аймағы – Астана алаңы. Қозғалыс жүгірушілер өткен сайын біртіндеп ашылып отырады.
Іс-шараны «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырады. Биылғы жарысқа 20 елден келген 2 500-ге жуық адам қатысады.
Қыркүйекте қалада дәстүрлі Almaty Marathon – 2025 өткен еді. Ол марафонға 60-тан астам елден 16 мыңға жуық адам қатысты.