Әзербайжандық үшем мен қырғызстандық егіздер қазақ тілін үйреніп жүр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әзербайжандық үшем мен қырғызстандық егіздер әртүрлі мамандықты игеріп жатыр / фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Әзербайжандық үшем мен қырғызстандық егіздер әртүрлі мамандықты игеріп жатыр / фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі елдерінен келген жастар білім алып жатыр.

30 жылдан астам уақыт бойы. Жыл сайын бұл оқу ордасына қазақ тілін үйренуге әртүрлі елдерден студенттер келеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігіның ақпаратына қарағанда, биыл университеттің Дайындық орталығында Әзербайжаннан келген үшем – Зехра, Эсра және Лала Азизовалар мен Қырғызстаннан келген егіздер – Батма және Зуура Акканалиевалар білім алып жатыр.

Қазақ тілін үйренуді бастағандарына небәрі бір ай болса да, тыңдаушылар еркін сөйлеп, өз ойларын қазақ тілінде жеткізе алады. Дайындық орталығында оқу орданың ішкі гранты негізінде Түркі мемлекеттерінен келген жастар білім алып, қазақ тілімен қатар түрік және ағылшын тілдерін де меңгереді.

«Қазақстанда жоғары білім алуды таңдауымызға бірнеше себеп бар. Ең бастысы – түркі елдерінен келген студенттермен танысып, ортақ мәдениетіміз бен тарихымызды тереңірек танығымыз келді. Сондай-ақ түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында білім алу біз үшін үлкен мәртебе», – дейді студенттер.

Оқытушылардың айтуынша, білім алушылардың жаңа тілдерді үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасы жоғары.

«Біздің түр-сипатымыз ұқсас болғанымен, таңдаған мамандығымыз әртүрлі. Біріміз – психолог, біріміз – дәрігер, енді біріміз мұғалім болғымыз келеді», – дейді үшем.

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау 28 қазаннан басталатынын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз