
Астанада «Этика, иман және жасанды интеллект: цифрлық қоғамдағы діни қызметкерлердің рөлі» тақырыбында дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараны Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры ұйымдастырған.
«Бұл семинар имамдар мен дін саласында оңалту жұмыстарымен айналысатын теологтарға арналған. Қазір ЖИ құралдарын меңгеру маңызды. Бүгін медиа саласында жасанды интеллектті пайдалану, ақпараттың шынайылығын тексеру және ЖИ қолданудағы этикалық қағидаттар талқыланады», – деді «QAMQOR-ASTANA» қорының теологы Дастан Сақан.
Семинар барысында 30-дан астам дін маманы жасанды интеллектті діни және ағартушылық қызметте тиімді пайдалануды үйренеді.
Іс-шараға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Сұлтанбейбарс Басир, «Qalamedutech» жобасының негізін қалаушы, ЖИ бойынша жаттықтырушы Аида Әбіләкімова және басқа да мамандар қатысты.
Бұған дейін де Нұрлан имам ЖИ-ді дін саласында қалай қолдануға болатынын айтып берген еді.