Астанада үш көшенің атауы өзгереді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Астана көшелерінің атауы өзгереді /фото: shutterstock

Астанада үш көшенің атауы өзгереді. Бұл туралы қала әкімдігінің Архив ісі және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп хабарлады.

Ұсынысқа сәйкес, Е754 және Е15 көшелеріне Болгария астанасы Софияның және Пәкістанның белгілі саясаткері Мұхаммед Әли Жиннадың есімдері берілуі мүмкін. Ал «Алау» мұз сарайы мен «Астана Арена» арасындағы көше әйгілі жазушы әрі саяхатшы Марко Полоның атымен аталмақ.

Айта кетейік, София қаласында қазірдің өзінде Астана атты көше бар, онда мұражайлар мен саябақтар орналасқан. Сондай-ақ Пәкістан астанасы Исламабадта ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілетін көше атауы жоспарланып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін  Sergek Group мамандары  Астанадағы кептеліс уақытына талдау жүргізген еді. Олар сол жағалаудан оң жағалауға жету үшін және кері бағытта әртүрлі маршуттармен қанша уақыт керек екенін зерттеп көрген. Оны мына жерден көре аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз