
Қазақстандық «Ауру» фильмі премьерадан кейін цензураға ұшырап, 21+ деңгейі қойылып, кинотеатрда тек 22:00-ден кейін көрсетілетін болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Режиссер Айтөре Жолдасқали түсірген «Аура» фильмі бүгін прокатқа шыққан. Картинада ерлі-зайыптылардың «онкологиядан зардап шеккен» әйелге деп жалған ақпарат таратып, ақша жинауы туралы баяндалады. Басты рөлдерді Ділназ Құрманғали мен Аян Өтепберген сомдаған.
Айтөре Жолдасқали фильмнің цензураға ұшырағанын хабарлады. Бұған қоса, фильмдегі соңғы эпизод қысқартылған.
«Мен үшін ең өкініштісі, фильмнің контексттінде маңызды көріністі кесіп тастады. Яғни соңғы эпизодты қысқартты. Ол фильмнің қорытындысын сәл өзгертеді», — деді ол өзінің Telegram арнасында.
Сонымен қатар, фильмнің жас рейтингі 18+тен 21+ке дейін көтерілген. Актер Аян Өтепбергеннің жазуынша, бұл кинотеатрлар фильмді тек 22:00-ден кейін көрсете аладын дегенді білдіреді.
«Біз 18+ рейтингін қайтара аламыз деп үміттенемін. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Өкініштісі, бұл арқылы фильм тағы да цензураға ұшырайды», – деп жазды Айтөре Жолдасқали.
