Жаңалықтар

Бас прокуратура Тоқаевтан мас болып көлік жүргізген судьяны жауапқа тартуды сұрайды

Әсел Досаева
Азаматтық істер бойынша ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева / ашық дереккөзден

Бас прокуратура Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық істер бойынша ауданаралық сот судьясы Әсел Досаеваны жауапқа тарту туралы ұсыныс жіберді. Құзырлы орган Қазақ телеграф агенттігінің сауалына осылай жауап берді.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 873-бабына сәйкес, Бас прокуратура Президентке Досаева А.К.-ны мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ресми ұсыныс жолдады», – деп жазылған жауапта.

Ведомствоның атап өтуінше, бұл мәселе Жоғарғы сот кеңесіне қаралады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 2-тармағына сәйкес, судьяны Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, жоғары сот кеңесінің қорытындысына негізделген келісімінсіз немесе Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз, қамау, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Тек қылмыс орнында ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлар ғана,» – деп түсіндіреді прокуратурадан.

2 қарашада Астана полициясы ішіп алған көлік жүргізушісін ұстағаны жайлы ақпарат тарады. Тәртіп сақшылары оның аты-жөнін атаған жоқ, бірақ кейбір деректерде ол астаналық судя Әсел Досаева деп жазылды.

Ал 7 қарашада Астана сотының баспасөз қызметі  Досаеваның жұмыс орнында екенін, қызметтік міндетін атқарып жатқанын хабарлады.