Жаңалықтар

Боран, жел және тұман: 14 қарашаға ауа райы болжамы

10 қазанға арналған ауа райы болжамы / Фото: shutterstock
Боран, жел және тұман: 14 қарашаға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, 14 қарашада Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, боран мен көктайғақ болуы мүмкін.

Ал оңтүстігінде құрғақ ауа райы сақталады, бірақ жел мен тұман көрінуді қиындатады. Ел аумағында жел күшейеді. Республика аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Қар, боран және көктайғақ

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар мен боран болады. Жолдарда көктайғақ күтіліп, түнде-таңертең оңтүстікте және облыстың орталығында 15-20 м/с екпінді жел соғады. Абай облысында түнде қар мен боран болып, облыстың оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының батысын тұман басып, күндіз жел 15-20 м/с екпінмен соғады.

Көктайғақ пен тұман

Ақмола облысы түн мен таңды тұманмен қарсы алады, жолда көктайғақ күтіледі. Астанада тайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, Ақтауда қалың тұманнан жол көрінбейтіндей болады. Атырауда түнде және таңертең тұман болады. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман барлық ауданды тұман басып, Орал қаласында жол көрінбейді. Ақтөбе облысында түнде көктайғақ болады. Жамбыл облысында түнде және таңертең тұман оңтүстікке және таулы аймақтарға таралады. Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.