Бишімбаевтың анасы туысынан 453 млн теңгесін қайтара алмай жүр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемеловамен соттасып жатыр/фото: Айгерім Таубай

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемеловадан 453 млн теңгесін қайтаруды талап етіп отыр. Бұл туралы Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айтылды, деп хабарлайды KursivMedia.

Ал туысы Бекзат Кемелова өзінің кінәлі емес екенін айтып, азаматтық талап арызға келіспеді.

Істің мән-жайы

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы Бекзат Кемелова Альмира Нұрлыбекова 990 000 долларды сақтап отырғанын біліп, ұлы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанына байланысты оның күйзеліске түскенін пайдаланып, әрекет еткен.

Бекзат Кемелова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Бишімбаевтың отбасына бақылау жүргізіп, мүлкі мен ақшасын тәркілеуді жоспарлап отырғанын айтқан. Мүлкін сақтап қалудың бірден-бір жолы ақшаны өзіне беру екеніне сендірген.

Осылайша Нұрлыбекова 990 000 долларды көк түсті чемоданға салып, Кемеловаға берген. Ал Кемелова бұл ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланып қайтармаған.

Сондай-ақ оқыңыз