Бишімбаевтың анасы сотқа не себепті көк шабадан ала келгенін түсіндірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Альмира Нұрлыбекова сотқа көк шабадан ала келді/фото: kursiv.media

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемеловамен соттасып жатыр.

Нұрлыбекова қылмыстық іске жәбірленуші деп танылған.

Сот отырысына Альмира Нұрлыбекова көк түсті шабадан ала келген. Айтуынша, чемоданның іске тікелей қатысы бар.

Істің мән-жайы

Тергеу материалдарына сәйкес, Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатқан кезде Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемеловаға 990 мың долларды сақтап қоюы үшін берген. Ал Кемелова бұл ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланып қайтармаған.

Содан кейін Нұрлыбекова арызданып, Кемеловаға қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалған.

«30 адамды антикор бақылап отыр»

Альмира Нұрлыбековадан сотта жауап алынып жатыр. Айтуынша, Бекзат Кемелова үйіне барып, Бишімбаевтардың отбасы мен туыстарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бақылап жүргеніне сендірген. Тізімде 30 адам барын, тек Кемеловтер бақылауға алынбағанын айтқан.

«Әлеуметтік желіде мүлкіміз туралы айтыла берді. Нүкеновтер президентке хат жазып, петиция жарияланды. Нұрлыбекованың үстінен іс қозғау, мүлкімізді тәркілеп, мемлекетке беру туралы айтылды. Содан кейін мүлкімізді сақтап қою керек деген ой келді. Желіде дүние-мүлкіміздің тізімі жарияланды. Кемелова менің қиын жағдайда екенімді көріп, қорқып отырғанымды біліп күн сайын келе бастады. (…) 10 желтоқсанда Кемелова ұлымен бірге үйіме келді. Жатын бөлмеге кіріп, айтқанына инанып, млн доллар бердім. Ішінен 10 мың долларды алып қалдым да, 990 мың доллар бердім», – деді Нұрлыбекова.

Айтуынша, екеуі «ақша» сөзін «құжат» деп ауыстырып қолданған.

Сондай-ақ оқыңыз