Қуандық Бишімбаевтың әкесі ауыр дертке шалдыққан

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Уәлихан Бишімбаев қатерлі ісікке шалдыққан/бильд-редактор Ахтам Зиперов

24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев қатерлі ісікке шалдыққан.

Мұны Астана сотында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова айтты.

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Нұрлыбекованың туысы Бекзат Кемеловаға жазған арызы қаралып жатыр.

Нұрлыбекованың айтуынша, ол 990 000 долларды көк түсті чемоданға салып, туысы Бекзат Кемеловаға берген. Ал Кемелова бұл ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланып, қайтармаған.

«Бекзат Кемелованы 10-15 жылдан аса уақыттан бері білемін. Ол – күйеуім Уәлихан Бишімбаевтың бөлесінің әйелі. Қайрат Кемелов – күйеуімнің бөлесі. 2012 жылдан бері өте жақсы араласамыз. Бұған дейін де қаражатымызды сақтауға сеніп тапсырып отырдық. Туған бауырымыздай сенім арттық», – дейді Нұрлыбекова сотта берген жауабында.

Сондай-ақ күйеуі Уәлихан Бишімбаевтың жүрегі ауыратынын, қатерлі дертке шалдыққанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз