Lifestyle

Назарбаев, Тоқаев және Димаш: БҰҰ жұмысын көрсететін бейресми фотолар

Фотокөрме 12 желтоқсанға дейін жалғасады/фото: Серикжан Ковланбаев

Астанада БҰҰ 80 жылдығына орай фотокөрме ашылды. Көрмеге бұған дейін жарияланбаған немесе көп жерде кездесе бермейтін тарихи 80 фотосурет қойылған.

Арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің фотосы да бар.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

«Фотокөрмедеге БҰҰ қызметінің маңызды кезеңдерін бейнелейтін бұрын жарияланбаған немесе кең таралмаған 80 кадр қойылған. Мұнда шынайы эмоция, қажу, шешім қабылдаған сәттерді көруге болады» – дейді ұйымдастырушылар.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Мәселен мына фото 1948 жылы қыркүйекте түсірілген. Мұнда БҰҰ штаб-пәтері құрылысы басталған сәт көрсетілген. Оған бас хатшының міндетін атқарушы Бенджамин Коэн қатысып, құрылысты бастап берген.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

1980 жылы түсірілген фото шешек ауруының жойылғанын айқындайды. Бұл фото ауру адамдар арасында үш жыл бойы жұқпағаннан кейін түсірілген. Сол кезде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шешек ауруы жойылғанын ресми хабарлаған.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Фотодағы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш. Фото 2020 жылдың қаңтарында түсірілген. Covid-19 індеті өршіп, төтенше жағдай жарияланған кез.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Қазақстан мен БҰҰ тарихына келсек, еліміз ұйымға 1992 жылдың 2 наурызында қабылданды. Осылайша Қазақстан ұйымға мүше 168-мемлекет болды.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Қазақстанмен қатар сол кезде ұйымға тағы 8 ел мүше болды. Олар: Молдова, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения және Сан-Марино.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Фотодағы Қазақстанның 1992 жылдың БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова. 1992 жылы 6 маусымда Арыстанбекова БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Бутрос-Галиге сенім грамотасын табыстады.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде баспасөз конференциясын өткізген сәт.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Ал бұл жерде Ақмарал Арыстанбекова Бас хатшы Кофи Аннанға шапан жапқан. Осылайша Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін 1999 жылы аяқтаған.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен онлайн сөйлескен сәт. Фото 2021 жылы түсірілген.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

2023 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев SDG саммитіне қатысты. Фото сол кезде түсірілген.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2024 жылы Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесті. Фото Астанада түсірілген. Авторы: Оспан Әли. Айта кетейік, Димаш – халықаралық көші-қон ұйымының аймақтағы ізгі ниет елшісі.

Фото: KursivMedia/Серикжан Ковланбаев

Фотокөрме Астанадағы ҚР президент орталығында 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады. Мекенжайы: Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а.