Kaspi.kz басшысы Ломтадзе елордалық «Жеңіс» футбол клубын сатып алды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Kaspi.kz басшысы Ломтадзе елордалық «Жеңіс» футбол клубын сатып алды / Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Kaspi.kz құрылтайшысы әрі басшысы Михаил Ломтадзе елордалық «Жеңіс» футбол клубын сатып алып, Астанада әлемдік деңгейдегі балалар академиясын құруға инвестиция салады, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

«Жеңіс» ақпаратына сүйенсек, Ломтадзе футбол клубын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда футболды дамыту стратегиясы аясында алған.

Ломтадзе Астанадағы «Жеңіс» базасында әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құруды жоспарлаған. Академияда жас таланттар тегін жаттығатын болады.

«Менің арманым – Қазақстанда және Англияда ең талантты жас футболшылар, болашақ жұлдыздар тәрбиеленетін әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Оқыту толығымен тегін болады. Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны – Англияның жетекші мамандарымен жаттығуға мүмкіндік алады. Футбол – көптеген елдерде мақтаныш көзі болып табылатын, ең көпшілікті қамтитын және тартымды спорт түрі. Заманауи технологиялардың көмегімен біз қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелей аламыз деп сенемін», – Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.

Клубтың хабарлауынша, енді олар жаңа басшымен бірге инфрақұрылдық өзгерістен бөлек, кәсіби футбол деңгейін арттырып, ойыншыларды жоғары деңгейде дайындауға ден қояды.

«Жеңіс» клубы 1964 жылы құрылған, үш рет Қазақстан чемпионы (2000, 2001, 2006) және үш рет ел Кубогының жеңімпазы (2001, 2002, 2005) атанған.

Айта кетейік, Ломтадзе осыған дейін Wikomb Wonderers ағылшын футбол клубын сатып алған. Ол осы клуб негізінде футбол академиясын құруды жоспарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз