Мұрат Әбділда түрмеден шыққан соң немен айналысатынын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мұрат Әбділда Tik-tok-қа қайта шығып, жаңа әндер ұсынбақ / фото: бейнежазба скрині
Мұрат Әбділда Tik-tok-қа қайта шығып, жаңа әндер ұсынбақ / фото: бейнежазба скрині

Мұрат Әбділда түрмеден шыққан соң немен айналысатынын айтты. Сөзіне қарағанда, ол TikTok-қа оралып, жаңа әндер орындамақшы.

Мұрат Әбділда қазір түрмеде отыр. Түрменің іс шараларына белсенді қатысып, сахнада ән орындап жүр.

«Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Бақытты болыңыздар! Әр шаңырақта әрқашан тек қана қуаныш пен шаттық болсын дегім келеді», – деді Мұрат Әбілда.

Оның айтуынша, түрмеден шыққан соң, TikTok-қа қайта шығып, жаңа әндер ұсынбақ.

«Жаңа әндермен, шығармашылықпен айналысамын. Дайындап қойдым. Жақсы жаңалықтарды күтсеңіздерші. Әрі қарай алып кетеміз», – деді желі жұлдызы.

Мұрат Әбділда түрмеде қабырғасы қайыспай, көңілді жүргені көрінеді. Ол шартты түрде бостандыққа шығу талаптарын бұзғаны үшін алты айға қайта қамалған еді.

Мұның алдында TikTok арқылы дем салатын емші пайда болғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз