Lifestyle

«Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмі қашан шығатыны белгілі болды

фото: Pixar.com

Disney және Pixar студиялары әйгілі «Ойыншықтар хикаясы» (Toy Story) франшизасының бесінші бөліміне арналған алғашқы тизер-трейлер мен жаңа постерді таныстырды. Премьера 2026 жылдың 19 маусымында өтеді.

Бесінші бөлімнің атауы «Ойыншықтар мен технологиялар соғысы». Бұл жолы көрермендер Вуди, Баз, Джесси және Вилкинс секілді таныс кейіпкерлердің заманауи технологиялар әлемімен бетпе-бет келгенін көреді.

Фильмнің режиссері: «Оскар» сыйлығының иегері Эндрю Стэнтон («Валл-И», «Немоны іздеу», «Дориді іздеу» мультфильмдерімен таныс), оның серіктес режиссері Кенна Харрис. Продюсері – Линдси Коллинз.

Басты жаңа кейіпкер Лилипад есімді ақылды планшет-трансформер. Лилипадтың пайда болуы ойыншықтар әлеміндегі тепе-теңдікті бұзып, команданың ішкі қарым-қатынасына үлкен сынақ әкелмек.

YouTube video player

Бұған дейін Dream Works-тың «Шрек 5» мультфильмі 2026 жылдың желтоқсан айында шығатынын жазған едік.