Lifestyle

«Қазақ аруы – 2025» жеңімпазы – Дәрия Қуатжан

«Қазақ аруы – 2025» жеңімпазы

Талдықорғандық Дәрия Қуатжан көрермендердің дауысымен «Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы атанды.

Дәрия Қуатжан көрермендердің дауысы бойынша оқ бойы озып, 22 771 дауыспен бірінші орынды алды. Жеңімпазға BM Production компаниясы Парижге екі адамға жолдама берді.

Қазақ аруы

«Мені қолдап, маған дауыс берген әрқайсыңыз алғысымды білдіремін. Сіздер маған таққан тәждеріңізді абыроймен алып, сол тәжге лайық іс жасаймын деп уәде беремін. Менімен өнер көрсеткен әрбір қыз «Қазақ аруы» жеңімпазы болуға лайық. Жаса, қазақ қыздары!» – деді жеңімпаз.

Ол Талдықорған қаласының тумасы. Ұлттық нақышта киім мен бұйым жасайтын дизайнер. Байқауға балаларға арнап «Көшпенді дала ұрпақтары» коллекциясын жасап шыққан.

Айта кетейік, осыған дейін «Қазақ аруы – 2025» байқауына қатысып жатқан арулар жайлы жазған едік