
«Қазақ Аруы 2025» ұлттық сұлулық байқауының финалы бүгін 13 қараша күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Еліміздің әр өңірінен іріктелген 20 ең сұлу, ең өнерлі финалист тәж үшін өзара бақ сынайды. Кештің тікелей эфирін көрермендер BM Production YouTube арнасынан тамашалай алады.

Дауыс қалай беруге болады?
13 қараша күні сағат 19:00-де финалдың басталуымен бірге онлайн дауыс беру де іске қосылады. Дауыс беру тек ресми арналар арқылы жүргізіледі:
1-тәсіл. Сайт арқылы
- qazaqaruy.kz сайтына кіріңіз.
- Google формасына өтесіз, аккаунтқа кіру қажет.
- Электронды поштаңызды көрсетіп, таңдаған аруыңызға дауыс беріңіз.
2-тәсіл. QR-код арқылы
- Телефон камерасымен QR-кодты сканерлеңіз.
- Сілтемеге өтіп, Google аккаунтыңызға кіріп, форманы толтырыңыз.
Дауыс бір рет беріледі. Google-ға кірмесеңіз және электронды поштаны жазбасаңыз, дауыс есептелмейді. Жібермес бұрын дұрыс қатысушыны таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.
«Қазақ аруы – 2025» ұлттық байқауына қатысатын 20 ару туралы жазған едік.