Жаңалықтар

Тимур Сүлейменов: Цифрлық теңге тұрақты жұмыс істейтін қаржы құралына айналды

Фото: kursiv.media, бильд*редактор Ахтам Зиперов

Цифрлық теңге бүгінде тұрақты жұмыс істейтін қаржы құралына айналған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Central Asia Fintech 2025 форумында мәлімдеді.

Цифрлық теңге коммерциялық сектордағы төлем жүйелерімен бәсекелес емес, керісінше мемлекеттік сектордағы транзакциялардың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Цифрлық теңгенің басты мақсаты – мемлекеттік төлемдердің айқын әрі тиімді орындалуын қамтамасыз ету. Бұл жүйе арқылы бюджеттік қаражаттың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға және қаржы операцияларының ашықтығын арттыруға мүмкіндік бар», – деді ол.

Сонымен қатар Сүлейменов цифрлық активтерді реттейтін құмсалғыш туралы айтып өтті. Бұл құмсалғышта қазірдің өзінде 15 жоба бар.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасында цифрлық теңгенің құқықтық мәртебесі бекітілмек.