Жаңалықтар

«Зауытта жүр»: Арман Дүйсеновтың әйелі күйеуінің қалай қайтыс болғанын айтты

Арман Дүйсенов
Арман Дүйсенов / фото: ашық дереккөзден

Журналист Аман Тасыған сазгер Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу Айданқызынан сұхбат алды. Марқұмның әйелі жолдасының неден қайтыс болғанын айтып берді.

«Маған Калелхан Иманмәди қоңырау соқты, зауытқа тез жетуімді сұранды.Не боп қалды деп едім, тез жетіңіз жедел-жәрдем келе жатыр деді. Зауытқа жеткенде жедел-жәрдем тұр екен. Ұлым екеуміз фельдшерлермен бірге екінші қабатқа көтерілдік. Сол кезде Арманның бетіп жауып тастаған екен. Не болды деп сұрағанда, жүрегі тоқтап қалған деді. Ешқандай жертөледе болмаған, зауыттың аумағындағы екі қабатты ғимарат», – деді Айсұлу Айданқызы.

Ол марқұм жолдасының зауытта неге жүргенін өзі де білмеген. Ал оған қоңырау соқты деген Калелхан Иманмәди – кәсіпкер, әнші Индира Елеместің бұрынғы жұбайы. Жақында ғана Елемес экс-күйеуінің үйін заңсыз сатып жібергенін айтып, көмек сұраған еді.

Арман Дүйсенов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер, тележүргізуші, танымал әндердің авторы. Ол 2023 жылы 24 қаңтарда мезгілсіз өмірден өтті. Жұбайы соңғы уақытта жүрегі ауырып жүргенін айтқан еді.

Араға бір жыл салған соң, 2024 жылы 8 қазанда оның ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды. Кейбір БАҚ оның өзіне қол салғанын жазған.