Жахан Отарғалиев ұлды болған Елдос Калабоктың суретін көріп көзіне жас алды (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жахан Отарғалиев Елдос Калабоктың қуанышын көріп, сезімге ерік берді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Жахан Отарғалиев Елдос Калабоктың қуанышын көріп, сезімге ерік берді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жахан Отарғалиев ұлды болған «Елдос Калабок» атымен танылған блогер Елдос Кәдірхановтың суретін көріп көзіне жас алды.

Көңілі босап, балаларға көңіл бөлуге шақырды.

«Мына фотоны көрген кезде еріксіз көзге жас келді. Қанша жыл күтті. Арманына жетті. Аллаға шүкір! Менің айтқым келетіні, балаларына көп мән бермейтін, қадірін түсінбей жүрген жандар бұл өмірде баладан асқан бақыт жоқ екенін білуі керек. Оны ешқандай нәрсемен алмастыра алмайсың», – деді Жахан Отарғалиев.   

Актердің пікірінше, адамның бақыты балада. Сондықтан бала үшін тәкаппарлықтан да бас тартқан абзал.

«Баламен өткізген уақыт, баланың қолынан ұстап, мектепке апару, онымен ойнау, өзіңнің ұрпағың бар екенін сезіну – бұл өмірде одан басқа бақыт жоқ. Достар, балаларыңыз бар болса, барлық тәкаппарлықты тастап, іштегі эгоны, бәрін ысыру керек», – еді Жахан Отарғалиев.

Мұның алдында Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқановадан кешірім сұраған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз