
Алматы облысында Ұзынағаш-Отар автожолының соңғы учаскесі салтанатты түрде ашылды. Енді Алматы мен Шымкент арасындағы барлық бағыт төрт жолақты болды, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Ұзындығы 42 км трассаның өткізу қабілеті арттып, жол жүру уақытын қысқартты, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартты және ел өңірлерінің көлік байланыстары мен Орталық Азия мемлекеттерімен байланысын нығайтты.
Ұзынағаш-Отар автожолының бүгінгі ашық учаскесіндегі негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталып, екі жылдың ішінде аяқталды. Жобаны іске асыруға 163 бірлік техника, 290 маман қатысып, екі асфальтбетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмылдырылды.