Жаңалықтар

Бельгиялық футболшылар ызғарлы күні елорданы аралады

Бельгиялық футболшылар ызғарлы күні елорданы аралады / Фото: Instagram, belgianreddevils

Футболдан Бельгияның Ұлттық құрамасы ызғарлы күні Астананы аралап қайтты. Олар Қазақстан құрамасымен ертең кездесуі керек, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Бельгиялық спортшылар елордадағы саябақтардың бірін аралап, жанкүйерлермен суретке түсті.

«Ертеңгі күн қиын болады, бірақ біз әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді бельгиялық футболшы Юри Тилеманс.

Айта кетейік, ертең, 15 қарашада Астанада Бельгия мен Қазақстан құрамасы кездеседі. Қыркүйек айында өткен бірінші ойында бельгиялықтар Талғат Байсуфинов шәкірттерінен 6:0 есебімен басым түскен еді. Қазіргі кезде бельгиялықтар J тобында көш бастап тұр. Бірде-бір матчта жеңілмеген жалғыз команда. Қазақстан құрамасы Лихтенштейді жеңіп, 4-орында тұр.