Бүлдіршендер жаппай ауруханаға түскеннен кейін балабақшада тексеру жүргізіледі

Павлодар облысы Шарбақты ауданының «Балдәурен» бөбекжайындағы балалар жаппай жұқпалы ауруға шалдығып, аураханаға түсті. Үш бала ауруханаға жатқызылып, тағы төртеуі үйге бақылауға жіберілді.
Өңірдің білім басқармасы хабарлауынша, оқиға 7 қарашада тіркелді. Балабақшада тексеру басталды.
«Осы факті бойынша» Шарбақты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» тексеру бастады. Тәжірибеге қажетті талдамалар алынып, зертханалық зерттеулер жүргізілді. Ресми ақпарат тексеру нәтижелері бойынша беріледі», – деп хабарлады білім басқармасы.
Ведомствода балалар ауруханадан шығарылғанын, қазір үйлерінде екенін айтты.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, балалардан «анықталмаған гастроэнтерит және инфекциялық шыққан колит» диагнозы расталмады, оларға түпкілікті – ротавирустық энтерит диагнозы қойылды.
Бұған дейін ата-аналардың Шымкент балабақшасында антисанитарияға шағымданғаны жайлы жазған едік.