Жаңалықтар

Жалаңаш әйел мен полицей ісі: ер адам ауруханадан шықты

Ақпаратты полиция департаменті растады/фото: polisia.kz

Қарағанды облысында полицияның тірек пунктінде ес-түссіз табылған ер адам ауруханадан шығарылды. Ақпаратты жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиғаның мән-жайы

Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінен әйелдің мәйіті 2025 жылдың 1 қазанында табылды. Сол кезде оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.

Артынша Қарағанды қаласы полиция басқармасы мен облыстық полиция департаментінің бірқатар басшылық құрамына қатаң тәртіптік жаза қолданылды.

Полицей ауруханадан шығарылды

Ер адам ауруханадан шығарылды. Содан кейін учаскелік инспектор ішкі істер органдарынан босатылды.

Ал әйелдің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды.