Медеу Арынбаев: «Қайратқа демалу керек»

Жарияланды 14 Қараша 2025 13:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Медеу Арынбаев: «Қайратқа демалу керек» / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Белгілі әнші Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас туралы пікір білдіріп, оған міндетті түрде демалып, дауысын қалпына келтіру керектігін айтты. Бұл туралы әнші Qazaq Airan-ға берген сұхбатында бөлісті.

Медеу Арынбаевтың айтуынша, Қайрат Нұртас жылдар бойы үздіксіз жұмыс істеп, күнара ән айтып жүргендіктен, дауысқа түсетін салмақ өте ауыр.

«Мен Қайраттың өзіне де айтқам: демалу керек, фониаторға бару керек, даусын емдету керек. Өйткені олардың еңбегі біздікінен қарағанда көп. Біз айына бір рет шақырса барып ән айтамыз, ал олар күн сайын концерт, дайындық, той-томалақ. Ол оңай дүние емес, дауыс күтімді, дұрыс ұйқыны, тыныштықты қажет етеді», – деді Арынбаев.

Әнші Қайраттың ән айта алмайды деген пікірлермен келіспейтінін де атап өтті.

«Қайрат ән айта алмайды емес, айта алады. Айта алмаса, мұндай халықты жинай алмас еді. Қайрат – қыран әнші. Мұндай мансапты көтеру оңай дүние емес», – деді ол.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас 30 қазан күні Алматының Орталық Стадионында ауқымды концерт берген еді. Сонымен қатар алдағы уақытта Астанада жеке концерт беруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз